2021 жылы Қазақстанда не өзгереді?

Заңдардың қайсы жойылып, қайсы өз күшіне енді


07/01/2021
13:31 6256 0

2021 жылы Қазақстанда түрлі өзгеріс болмақ: кей заң нормасы жойылып, кейбірі өз күшіне енбек.

 

Masa Media биылғы 1 қаңтарда болған және жылдың соңына дейін болғалы отырған өзгерістерді тізіп шықты. Былтыр Қазақстанда не болғанын мына жерден көріңіздер.

 

Мемлекеттік қызметкерлер саны 25 % кемиді. Жұмыстан босатылған шенеуніктерге басқа жұмыс ұсынылады не компенсация ретінде төрт айдың жалақысы беріледі. 

 

Ақпан-наурызда халыққа коронавирусқа қарсы қазақстандық және ресейлік екпе егілуі мүмкін. Вакцинаны адамдар өз еркімен салдырады. 

 

Қазанда халық санағы өтеді. 

 

Зейнетақы, салық, айыппұл мен әлеуметтік төлемдер көлемі өсті. Себебі айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері 2 778 теңгеден 2 917 теңгеге дейін артты. 

 

Қазақстан азаматтары жинап қойған зейнетақысының бір бөлігін пәтер сатып алуға, емделуге, инвестицияға жұмсай алады.  

 

1 қаңтардан бастап мемқызметкерлер мен олардың жұбайы қандай табыс алып отырғаны мен қандай мүлікке ие екенін жариялап отырады. Билік 2025 жылдан бастап барлық Қазақстан азаматы осындай декларация тапсыруға міндеттеледі деп отыр. Айтпақшы, олардың «декларацияны биыл ақырындап енгіземіз» дегеніне бес жыл болып қалды. 

 

Жемқорлық жасағандар мерзімінен бұрын түрмеден шыға және квазимемлекеттік секторда жұмыс істей алмайды. 

 

Мемлекеттік қызметкерлер, парламент депутаттары мен судьялар шетел банктерінде есепшот аша алмайды, бірақ олардың әйелі мен балаларына мұндай тыйым салынбаған. «Шенеуніктердің отбасына обал болады» дейді Антикор. 

 

Қала және аудандық білім басқармалары Білім және ғылым министрлігіне емес, облыстық білім басқармаларына қарайды, ал қаржыны облыс бюджетінен алады. 

 

Жұмысшылар МӘМС-ке өз табысының 1 %-ын емес, 2 %-ын беріп отырады.  

 

Қазақстандықтар 2020 жылғы көлік салығын осы жылдың 1 сәуіріне дейін төлеуге тиіс. 

 

Мүлік және жер салықтары біріктіріледі. 

 

Көппәтерлі үй иелері жер салығын төлемейді. 

 

Жылдың соңына дейін ресми петиция сайты іске қосылады. 

 

Тоқаев өлім жазасын алып тастауға бағытталған халықаралық келісімшартты мақұлдады. Енді Конституция мен Қылмыстық кодекске өзгеріс енгізсе, өлім жазасы мүлдем алып тасталады. 

 

Әйелдер 59,5 жасында емес, 60-қа толғанда зейнетке шығады. Ал ерлер бұрынғыдай 63-ке толғанда шығады.

 

Мемлекет беретін негізгі минимал зейнетақы мөлшері 16 835-ден 18 524 теңгеге дейін, ал ең төмен зейнетақы мөлшері 38 672-ден 43 272 теңгеге дейін көтерілді.

 


 

Негізгі мемлекеттік минимал зейнетақы — зейнет жасына жеткендердің барлығы  алатын зейнетақы. Оны бұрын жұмыс істемегендер де ала алады.

 


 

Иллюстрация: Лейла Тапалова

Поделиться

Нет комментариев.

07/01/2021 13:31
6256 0

Уведомление